11 маусымдағы мәлімет бойынша Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының ауру белгісімен 52 адам тіркелді. Өсім – 4 пайыз, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы парақшасында.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 52 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.
Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 36 адам, Теміртау қаласында – 1, Саран қаласында – 6, Қ.Сәтбаев қаласында – 4, Шахтинск қаласында – 4, Абай ауданында – 1 адам анықталды», делінген хабарламада. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекция жүргізілді. 11 маусымдағы ахуал бойынша облыста коронавирус инфекциясымен жалпы 1 342 адам тіркелген, оның ішінде 619 пациент жазылып шықт