«Рухани жаңғырудың» орны бөлек
«Рухани жаңғырудың» орны бөлек
355
оқылды
«Еліміз мықты, әрі жауап­кершілігі жоғары Біртұ­тас ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам баса­тынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім» деген еді Елбасы. Осылайша, 2 бөлім, 6 тақырыптан тұра­тын мақала аясында барлық өңірде «Рухани жаңғыру» кеңесі ашылған. Бағдарламаның бағыт­тары мен арнайы жобалары бой­ынша Шымкент қаласында бір жыл бұрын құрылған жобалық кеңсенің үйлестіруімен және ақпараттық сүйемел­­­­деуі­­мен 2020 жылдың басынан 100-ден астам шағын және ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінде Шымкент қаласындағы «Рухани жаңғы­­ру» кеңесі бірқатар игі шаралар­ды жүзеге асырып келеді. Өткен жылдың сәуір айынан  жыл соңына дейін жалпы 732 шағын және ауқымды іс-шара өткізіліп, оған 411 100 адам қамтылыпты. Өңірлік жоспарға сәйкес, 82 іс-шара республикалық, аймақтық, халықаралық деңгейде ұйымдастырыл-ған.  Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Зәуре Оралбаеваның айтуынша, биыл осынау бағдарламаға қала әкімі М.Әйтеновтің бекітуімен 144 тармақтан тұратын іс-шаралар жос-пары құрылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында  үш бағытқа негізделген 123 іс-шараға 35 708 адам қамтылды. Алайда жос­пардағы бірқатар іс-шаралар бүкіл әлемге тараған пандемияның салдары-нан жа­рияланған төтенше жағдайға байланысты қысқартылды», – дейді Зәуре Әбдіхамитқызы. –Наурыз мейрамында республика көлемінде жоспарланған «Наурыз шапағаты» онкүндігі аясында арнайы бағдарлама жасалып, 10 күнге созылатын іс-шаралар жоспары түзілді. 14 наурыз – Көрісу (Амал) күні. Бұл күні жұрт бірін-бірі ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасайды. Бір-бірімен араздасқан адамдар өзара кешірім сұрайтын, арасы алыстаған ағайын жақындасатын күн. Қалалық «Рухани жаңғыру» кеңсесі мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы бірлесіп осы күнді ерекше атап өтіп, телевизиялық жоба ретінде жұртшылыққа ұсынды. 15 наурыз – Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылуы керек. Мал сойып, өмірден озған ата-бабаларына Құран бағыштайтын отбасылар көп. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Осы шараны дәстүрге айналдыру мақсатында орталық-тың ғылыми қызметкерлері арнайы түсірілген тележобаны көптің назар­­ына ұсынды. 16 наурыздағы Жайлау күнін­де адамдар табиғат аясында серуен құрып қана қоймай, ондағы қоқысты тазартып, тал егіп, көшет отырғызды. Өскелең ұр­пақтың экологиялық, зият­­­­керлік сан­а­сын дамытуға септігін тигізетін, денсаулығын жақсартатынын ескерген қала бас­шысы М.Әйтенов бұл күні Шымкенттің бір топ ерікті жастарымен бірге 5 000-ға жуық көшет пен дарақтар отырғызды,– дейді бөлім басшысы. Осылайша, игі істер күнінде әр адам мүмкіндігінше жақсы іс жасауға талпынса,  шымырлық пен шеберлік күні санал­­атын 18 наурызда жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, аударыспақ ұйымдастырылуы тиіс болатын.  Зияткерлік күнінде бала­­­лардың зияткерлік әлеуетін, ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақ­тар,  жаңылтпаштар, жырлар мен эпостар­дан үзінділер айту бойынша шаралар, жоралғы күнінде әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталып, ұмыт бола бастаған жоралғыларды жаңғырту жос­парланған. Ал  Ұлттық тағамдар күні деп белгіленген 21 наурызда ұмыт бола баста­ған, кең таралмаған тағамдарды жасау­дың әдістері үйретіледі, 22 наурыздағы Бұқара күнінде  арнайы орындарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады деген жоспардың бәрі 16 наурыздан бастап енгізілген шектеулерге байланыс­ты қысқартылып, кейбірі онлайн режимде өткізілген. Сондай-ақ биыл жыл сайын өткізілетін «Қызғалдақ-FEST» фестивалі де карантинге байланысты болмаған. Зәуре Әбдіхамитқызы сәуір айы­­нан бас­тап елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты онлайн және қашықтан ұйымдастырылған іс-шаралар туралы атап өтті. Төтенше жағдай кезінде «Рухани жаңғыру» бөлімі еріктілермен бірге өңірде бағдарлама аясында ақпараттық түсіндіру шараларын қолға алып, бірқатар игі істің басы-қасында жүрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  Birgemiz  жалпыұлттық жобасы аясында Qamqor,  Saulyq  бағытында ардагерлер үйі мен дағдарыс орталықтарында кездесулер, ардагерлер үйінде сенбілік шаралар, мерекелік кештер ұйымдастырған. Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірлесіп, онлайн режимінде 297 іс-шараны жүзеге асырған. «Рухани жаңғыру» кеңесінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласындағы бір-қатар мекемелер мен оқу орындарында жыл басынан бері көптеген шара­лардың өткенін  атап өткен жөн. Бірқатарына тоқталар болсақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, әрі Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алады» атты форум ұйымдастырған. Одан соң ОҚМПИ ұстазы, тарихшы Қайрат Анарбаев студенттерге «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында отбасылық тәрбие, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен сақтау мақсатында әл-Фараби ауданы әкімдігінің бастамасымен №129 мектеп базасында байқау, балалар эстетика­лық саз мектебінде осынау бағдарлама аясында жас музыканттардың 53-қалалық фестиваль-байқауы өткен. Игі шаралардың қатарына «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітап­ханасында өткен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – әл-Фараби» атты тарихи-танымдық кешін де қосуға болады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлы өнер адамдарын насихаттау мақсатында күйші, композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына арналған «Қоңыр күймен өрнектелген ұлы мұра» атты күй кеші өтті. Одан бөлек, Шымкент қаласында «Рухани жаңғы­­ру» бағдар­ламасы аясында өткен әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ғылыми-практика­­­лық конференцияны,  «ЖОО жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жүйелі тәсілі» тақырыбын­да семинар-тренингті ерекше атап өткен жөн. Кеңсе қызметкерлері қалалық Индустриалды-техникалық колледжінің, Жеңіл өнеркәсіп және сервис , Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн, «Азимед» көпсалалы, М.Өтебаев атындағы жаңа жоғары технологиялар, Жол-көлік, «Сайрам» медициналық, Шымкент политехникалық колледждері­нің шәкірттерімен «Рухани жаңғыру және жастар» тақырыбында кездесу өткізгенін еске салды. Сонымен бірге бөлім басшысы Зәуре Оралбаева «Руханият – ұлттың ұстыны», «Рухани жаңғыру бағдарламасының Шымкентте сапалы жүзеге асырылуы», «Ұлттық дәстүр отбасыдан басталады» тақырыптарында онлайн сұхбат өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы, жоғымызды түгендеп, өткенімізді еселейтін осынау бағдарлама ұлт­­тық құндылықтарымызды ұмыттырмай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейді. Ал құрылған кеңсе қызметкерлері осы жолда аянбай еңбек ете бермек.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы