Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейеді
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, жел күшейеді
© сурет интернеттен алынды
5,234
оқылды
Синоптиктер 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс антициклоны салдарынан еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың беті қайтады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күн райы ашық болады. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы әрі қарай көтеріледі», делінген болжамда.