Бурабайда орманға жай түсіп, өрт тұтанды
Бурабайда орманға жай түсіп, өрт тұтанды
фото: ашық дереккөз
377
оқылды
Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағында орман өртенді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. От тұтануына жай түсуі себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты Жалайыр орман шаруашылығының 12 жұмысшысы, ТЖД жеке құрамынан 15 қызметкер тартылды.   [caption id="attachment_50751" align="alignnone" width="800"] width= фото: ашық дереккөз[/caption]
«Өрт орман алқабының 0,08 гектарын шарпыды. Сағат 11:25 шамасында өрт ауыздықталды. Зардап шекендер мен мерт болғандар жоқ», - дейді Бурабай аудандық ТЖБ бастығы Қанат Бабаев.
[caption id="attachment_50752" align="alignnone" width="800"] width= фото: ашық дереккөз[/caption]