"Рахат" кондитер фабрикасының жұмысы тоқтатылды
"Рахат" кондитер фабрикасының жұмысы тоқтатылды
фото: ашық дереккөз
431
оқылды
Алматыда коронавирус инфекциясының таралуы салдарынан 15 маусымға дейін "Рахат" кондитер фабрикасының жұмысы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фабрикада ауру белгілері жоқ таратушылар анықталған.
"Коронавирус инфекциясын ауру белгілері жоқ таратушылардың анықталуына байланысты "Рахат" кондитер фабрикасының жұмысы тоқтағанын хабарлаймыз. Алғашында 8 адам анықталып, олардан тепловизор арқылы жоғары температураның анықталуына байланысты жұмысқа жіберілмеді.
Сонымен бірге 1450 қызметкерге тест жүргізілген. Осыған байланысты ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарға сәйкес, қызметкерлер үйдегі карантинге жіберілді. Фабрика әкімшілігі өздерінің шешімімен жұмысты 15 маусымға дейін тоқтатқан. ТҚСҚБД аудандық басқармаларына эпидемияға қарсы шаралар толығымен аяқталғанша фабрика жұмысын тоқтату туралы қаулы берілді", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Еске салайық, бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы нысандарды тексерген кезде бірқатар санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық талаптардың орындалмағанын анықтады. Бірнеше нысан, соның ішінде Көк базар да жабылды.