Электронды үкіметтің бірқатар жобалары жаңартылатындықтан уақытша істемейді, деп хабарлайды Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы.
«Жобалар бойынша жаңартулардың өткізілуіне байланысты бүгінгі сағат 21:00-ден бастап келесі күнгі сағат 07:00-ге дейін төмендегі жобалардың қол жетімсіз/қысқа мерзімді қол жетімсіз болуы мүмкін екендігін хабарлаймыз», -делінген хабарламада.
Олардың қатарында төмендегілер бар:
1) ЭҮШ (Электрондық үкіметтің шлюзі);
2) Жеке тұлғалар МДБ;
3) Заңды тұлғалар МДБ;
4) Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
5) «Е-нотариат»;
6) Мобильді үкімет;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (ҚР ҰКО);
8)Электронды үкімет порталы;
9) «Монополист» базасы СБӨ;
10) «Тахограф» СБӨ;
11) «Кәсіпкерлер субъектілерінің реестрі» СБӨ;
12) Үкіметтік емес ұйымдар ДБ СБӨ;
13) Ақпарат жинауға арналған робот СБӨ