Алматы маңындағы тауларда орналасқан фототұзақтар қар барысының ұрғашысы (таутан - ред.) мен балаларын (аландар - ред.) видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кадрларда лақап аты Дана қар барысы ұрпағымен көрінеді. Ол екі аланымен 2019 жылдың көктемінен бері бірнеше рет фототұзақтарға түсіп қалған.
"Kazakh Tourism" ҰК АҚ басшысы Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жабайы мысықтардың өңі жақсы. Олардың жағдайын терісі мен салмағына қарап байқауға болады.
"Камераларымызға түскен кезекті видео! Дана өзінен үлкен болып кетсе де балаларын әлі де асырап жүр! Өздері тамақ табатын уақыты келді!"- деп жазды Ержан ЕркінбаевInstagram-дағы парақшасында.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз