Қазақстанның алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК орталығы.
Синоптиктердің мәліметінше, 15 маусымда Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында күн күркіреп, секундына 18 метрге дейін жел соғады.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градусқа дейін ыстық болады. Қызылордада 15 маусымда шаңды дауыл мен жел екпіні секундына 19 метрге дейін жетеді.
Ақтөбе облысында синоптиктердің болжамынша, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл мен жел соғады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 42 градус ыстық болады.
Қарағанды облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.