Елордада кинотеатрлар, ойын орталықтары мен балабақшалар әзірге ашылмайды
Елордада кинотеатрлар, ойын орталықтары мен балабақшалар әзірге ашылмайды
фото: ашық дереккөз
5,232
оқылды
Нұр-Сұлтанда Covid-19 жұқтыру қаупіне байланысты 15 маусымнан бастап кинотеатрлар, сауда ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан ойын орталықтары, балабақшалар ашылмайды. Балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмысын жалғастыра береді. Бір топта 15 баладан артық болмау қажет. Балабақшалар баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, қызметтегі ата-аналар үшін жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Балаларды қабылдау учаскелік педиатрдан баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама болғанда ғана жүзеге асады. Баланы балабақшаға қабылдау кезінде тәрбиеші медициналық қызметкердің бақылауымен, ата-ананың қатысуымен міндетті түрде термометрия арқылы баланың температурасын өлшейді. Коронавирустың таралу қаупі әлі де бар. Санитарлық нормаларды сақтау қажет: маска киіп, қолды антисептикпен өңдеп, қашықтықты сақтаған жөн. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Кисикова атап өткендей, санитарлық нормаларды сақтамау қала ауруханаларының толып кетуіне әкелуі мүмкін. "Қауіпті инфекцияға тіпті дені сау жастар да шалдықты. Сақ болу керек. Бір адамның салғырттығы басқа тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін. Коронавирус санаулы күндер ішінде адамның денсаулығын күрт нашарлатады, өзін - өзі емдеумен айналыспау қажет", - деді Сәуле Кисикова.