Кәсіпкерлер бюджеттен 118 миллион теңге жымқырған
Кәсіпкерлер бюджеттен 118 миллион теңге жымқырған
272
оқылды
Бұл жайында ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Сотталғандар кәсіпорындарды әдейі басқа тұлғалардың атына тіркеп пайдаланған. Қызметін өздері басқарған. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеміз деп жалған шығын сомасын көрсету арқылы 118  миллион теңге алған. Мемлекеттің бұл қаржылай көмегі ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын төмендету мақсатында бөлінген болатын", - деген.
Нұр-Сұлтанда "QazIndustry" Қазақстан индустрия және экспорт орталығы" АҚ бюджет қаржысын ұрлады деген факті бойынша екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеді. Есіл аудандық соты ҚК "Алаяқтық" 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес , оларды "кінәлі" деп тауып,  алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот енді олар бюджет қаржысын алуға қатысы бар қызметте кемінде 5 жыл жұмыс істей алмайды деген шешім шығарды.