Қазақстанның ардагер спортшысы Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев өмірден озды. Бұл жайында Қазақстанның Бокс федерациясынан хабарлады.
«Оның өмірінің үлкен бөлігін боксқа арналды. Серік Әбденәліұлы атақты спортшы, бірнеше рет ел чемпионы болды. Сонымен қатар мемлекеттік жаттықтырушы ретінде де өзін таныта білді. Оның басшылығымен боксшылар Атлантада төрт олимпиада медалін жеңіп алды. Ал Сидней олимпиадасында бокс жарыстарында төрелік еткен бірінші қазақстандық ретінде танылды. Федерация Серік Әбденәліұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген федерация сайтында жарияланған ақпаратта.