Әкімдіктің хабарлауынша, өткен жексенбінің өзінде құтқарушылар адамдарды қиын үш жағдайдан құтқарып алған.
Оның біреуі – күндіз Талғар асу аумағында болды. Ол жерден бұғанағы шығып кеткен 31 жастағы әйел эвакуацияланды. Екінші жағдай, дәл сол күні кешке құтқарушылар Букреев шыңына барып, қалаға түсер жолда адасқан үш адамды құтқарған. Ол шың – теңіз деңгейінен үш мың метрден астам жерде орналасқан. Тауға шығуды жақсы көретін тағы бір топты кеше, Панорама шыңынан табылды. Шыңға шықпақшы болған бесеуі жол ортада адасып, біреуі аяғынан жарақат алған. Эвакуация кезінде зардап шеккеннің барлығына қажетті ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсетілді.
Жалпы алғанда, 109 қызметінің ақпараты бойынша, өткен демалыс күндері Алматы маңындағы тауларда адасып, қиын жағдайға тап болған тоғыз туристке көмек көрсетілген.