Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төтенше жағдай мен карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлерге (шағын және орта бизнес) қосымша қолдау көрсету туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай және карантин кезінде қаржылық жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер банктік несиесі және жұмыс істеу үшін берілген шағын несиені өтеу мерзімін кейінге қалдыру немесе оны қайта қаржыландыруға өтініш бере алады.
Шағын және орта бизнес субъектісі екінші деңгейдегі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржыландыру қызметін жүзеге асыратын ұйымға, оның ішінде бұрын осы ұйым болып тіркелген заңды тұлғаға (бұдан әрі - несие ұйымы) электронды пошта, онлайн-банк-клиент жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша немесе басқа да байланыс құралдары арқылы өтініш бере алады, делінген бұйрықта.
Өтініш бергеннен кейін несиелік мекеме кәсіпкердің қаржылық жағдайын, төтенше немесе карантиндік режимнің оның қызметіне әсерін және қалпына келу перспективаларын бағалайды.
Егер төтенше жағдай және карантин кезінде кәсіпкердің қаржылық жағдайының нашарлауының объективті себептері расталса, несиелік мекеме шағын және орта бизнеске көмек көрсетудің екі түрін ұсынады.
Біріншісі. Кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында банктік қарызды және (немесе) микрокредитті жеңілдік шарттармен қайта қаржыландыру. Егер несиелік ұйым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысқан жағдайда немесе ішкі процедураларға сәйкес заемдарды және (немесе) микрокредиттерді қайта құрылымдау процесіне ілінген болса.
Екіншісі. Қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті мерзімге дейін ай сайынғы несие төлемін кейінге шегеру. Егер кіші және орта бизнестің арызында өзге мүдде көзделмесе, кейінге қалдыру мерзімі кемінде 90 күнтізбелік күнді құрай алады.
Мерзімі кейінге қалдырылған төлемдерді несие мерзімі аяқталғанға дейін бөлу түріндегі жаңа төлемдер кестесін құру немесе несие мерзімін кейінге қалдыруға байланысты несиені өтеу мерзімін ұзарту арқылы беріледі, егер банктік несие және / немесе микрокредит беру туралы шартта басқа төлем кестесі көзделмесе немесе шағын және орта бизнестің өтінішінде бұл жайлы көрсетілмесе.
Қайта қаржыландыруға немесе кейінге қалдыруға өтініш, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттармен бірге кәсіпкерлер несие мекемесіне 2020 жылдың 16 маусымынан 2020 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсынуға болады.
Өтінішті қарау өтініш түскен күннен бастап 20 жұмыс күнінен аспауы керек және кәсіпкердің жағдайы нашарлағанын растайтын құжаттар несиелер мен (немесе)микрокредиттерді қайта құрылымдаудың ішкі тәртібінде қарастырылған құжаттардың толық тізбесіне сәйкес келуі тиіс.