"Қазіргі коронавирустан да қауіпті": Қытай базарында вирустың жаңа түрі тарап жатыр
"Қазіргі коронавирустан да қауіпті": Қытай базарында вирустың жаңа түрі тарап жатыр
© сурет интернеттен алынды
294
оқылды
Қытай базарында коронавирустың қазіргі түрінен де қауіпті індет тарап жатыр. Бұл жолы вирус Бейжіңдегі "Синьфади" базарында тараған. Бүгінде базар жабылып, аймақта әскери жағдай режимі жарияланған. Вирусологтар коронавирустың бұл түрі өте қауіпті екенін айтады, - деп хабарлады Tengrinews.kz. Қытай базарында тағы да коронавирус тарап жатыр
11 маусымда Бейжіңде соңғы екі айда алғаш рет COVID-19 жұқтырған 52 жастағы ер адамның қайтыс болғаны анықталды. Ол соңғы кезде астанадан ешқайда шықпаған, алайда "Синьфади" базарына барған.
12 маусымда билік Қытай ет өнімдерін зерттеу орталығында істейтін және Фэнтай ауданында тұратын екі ер адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Оның біреуі соңғы екі аптада Циндао қаласына барған, екіншісі ешқайда шықпаған. Осы екі адамнан коронавирус анықталғаннан кейін билік эпидемиологиялық тексеруді бастап кетті. Нәтижесінде 13 маусымда Фэнтай ауданында орналасқан "Синьфади" ірі көтерме базары жабылған. Себебі эпидемиологиялық тергеу кезінде арқан балықты тураған тақтайшадан коронавирус анықталған. Базар басшылығы барлық қызметкеріне COVID-19 анықтайтын тестілеу жүргізген. Бұл базарда шамамен 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді екен. Аймақта әскери жағдай режимі жарияланып, базардың айналасында орналасқан 11 тұрғын үй кешенінде қатаң бақылау қойылған. Ал 14 маусымда қалада 76 499 адамды тексерген, 59 сынама оң нәтиже көрсеткен. "Жэньминь жибао" газетінің мәлімдеуінше, "Синьфади" базарындағы вирус Еуропадан әкелінген болуы мүмкін. Бірақ оның қалай тарағаны белгісіз. Теңіз немесе ет өнімдері, базарға келген адамдар арқылы тарау мүмкіндігі тексеріліп жатыр. Бейжіңдегі вирус Ухандағыдан қауіптірек Ухан университеті медициналық бөлімі вирусология институтының профессоры Ян Чжаньцю "Хуаньцю шибао" газетіне берген сұхбатында Бейжіңдегі базардан табылған коронавирус Ухандағы базардан анықталған аурудан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін екенін айтты.
"Эволюция процесінде вирустың жұғу деңгейі артуы не әлсіреуі мүмкін. Бірақ менің ойымша, "Синьфади" базарында табылған SARS-CoV-2 коронавирусы Ухандағы "Хуанань" базарынан шыққан вирустан әлдеқайда қауіпті", - дейді вирусолог.
Оның айтуынша, Ухандағы эпидемия қыста басталған, ол вирустың тарауына әсер еткен. Ал Бейжіңдегі коронавирус жазда, күн жылы кезде пайда болды. Ал бұл аурудың тарауына бөгет болады екен. Тағы бір айырмашылық - Уханда науқастың көбі теңіз өнімдері базарына бармаса да, вирус жұқтырған. Ал Бейжіңде вирус табылған адамның бәрі "Синьфади" базарымен байланысты.