Бөлек жерленген үш адамның моласы тұрғындарға үрей туғызды – видео
Бөлек жерленген үш адамның моласы тұрғындарға үрей туғызды – видео
247
оқылды
Талдықорған қаласының іргесіндегі Еңбек ауылы жанындағы қорымның бір тұсына бірнеше жанның басқа мәйіттерден бөлек жерленгені және онда қайтыс олған жандарды ақтық сапарға жөнелту кезінде адамдардың аз болғаны, жедел жәрдем машинасының тұрғаны, қорғаныш киімдерін кигендердің жүргені жайлы бейнебян әлеуметтік желілер арқылы таралып, «Алматы облысы орталығында коронавирустан көз жұмған үш адам шықты» деген әңгіме жұртты алаңдатып тастаған еді. Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының мәлімдеуінше, марқұмдар коронавирустың кесірінен бойларындағы ескі науқастары асқынып, соның салдарынан көз жұмған. «Талдықорған қаласында 15 маусым, таңғы уақыттағы жағдай бойынша коронавируспен 140 симптомды және 97 симптомсыз адам тіркелген. Олардың 112-сі толықтай емделіп шыққан. Облыс орталығында коронавирустан өлім-жітім жағдайы тіркелген жоқ. Еңбек елді мекені маңында ерекше жағдайдағы жерлеу рәсімін түсірген бейнежазбада жерлеу рәсімі қатаң күшейтілген санитарлық талаптармен жүргізілгені байқалады. Қабірдің маңында арнайы қорғаныш киімін киген мамандар жүріп, жерлеу рәсімін солар атқарған. Ал топырақ салуға жиналған 15-20 шақты адам бірнеше метр қашықтықтан қарап тұрған», – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Ләйлім Әубәкірованың түсінік беруінше, сенімді ресми ақпаратты тек Алматы облысы әкімдігі ұсынады. Бірақ коронавирус кейде мәйітті сою және зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде де анықталуы мүмкін. Ондай кезде жерлеу рәсімі санитарлық талаптарға сай, арнайы мамандардың көмегімен атқарылады. Халық кейде осы мәселені жете түсінбей, жел сөзге ереді.

Болат Абаған, Алматы облысы.

https://www.facebook.com/100006800597841/videos/2672215603015100/