Меншігінде 67 пәтері бар адам анықталды
Меншігінде 67 пәтері бар адам  анықталды
347
оқылды

– Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау кезінде қызметкерлеріміз түрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері мен басқа да ақпарат көздерін пайдаланады. Бұл ПИК мәліметі, саналы азаматтар мен көршілерден түскен ақпарат болуы мүмкін, – дейді Комитеттің Бақылау депар­таменті директорының міндетін атқарушы Әнуар Сүлейменов.

Оның айтуынша, алдын ала жасалған қорытынды бойынша қазіргі уақытта 3 және одан да көп пәтерге меншік құқы бар. Алайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген және тиісті салық төлемеген 20 мыңнан астам тұлға анықталды. Олардың арасында 10-нан астам пә­терге меншік құқығы бар 150 тұл­ға бар. Соңғы деректер бойынша жеке кәсіпкер ретінде 7 403 адам тіркелген, бұл былтырмен салыс­тыр­ғанда 22 пайызға көп. Салық түсімі 37 пайызға өсті және 7 252,1 млн теңгені құрайды.  

Ә.Сүлейменов жеке тұлғалардың да, сондай-ақ заңды тұлғалардың да дара кәсіпкер ретінде тіркел­мес­тен жылжымайтын мүлікті «жалға» беруге құқығы барын айтады. ДК ашу үшін, жеке тұлға салық орга­нына не болмаса e-license сайты арқылы қызметтің басталуы туралы хабарламаны электронды түрде жіберіп, он күн ішінде салық режи­мін анықтауы қажет.

2018 жылдың басынан патент негізіндегі салық режимін қол­дана­тын ДК үшін салық мөл­шерлемесі пәтерді жалға берушілер үшін 2%-дан 1%-ға дейін төмен­деді. Бюджетті есептеудің мұндай схема­сы жалдамалы еңбекті пайдаланбай­тын және табысы жылына 3 528 АЕК-тен аспайтын жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Мәселен, егер жалға беруден тү­сетін табыс айына 100 000 теңгені құраса, тиісінше, салық сомасы 1000 теңгені құрайды.

Егер сіз бірнеше пәтерді жалға берсеңіз, мысалы, пәтерді жинау үшін жалдамалы жұмысшыларыңыз болса, онда жеңілдетілген деклара­цияны қолдана аласыз. Бұл кезде салық мөлшерлемесі 3% құрайды, төлем жарты жылда бір рет табысты алу фактісі бойынша жүргізіледі. Жыл басынан бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілген, оны дара кәсіпкер ретінде тіркелместен кә­сіп­керлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар төлеуге құқылы. Мұн­дай жеке тұлғаға тұрғын үйді жалға беретіндер де жатады.
БЖТ төлеушілердің табыс көлемі 1 175 АЕК-тен аспауы тиіс екенін есте сақтау керек.

Егер ДК ретінде тіркелмей пәтерді жалға берсе, жалға беруден түскен табыс мүліктік табыс ретінде қарастырылады. Яғни, жылжымай­тын мүлікті жалға беруден түскен қаражатқа Қазақстан Салық коде­ксіне сай «салық агенті» деп таныл­май­тын тұлғаларға жеке тұлға ретінде 10% мөлшерлемесі бойын­ша салық салынады. Бұл ретте мұндай жеке тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарына ЖТС бойын­ша декларацияны (240.00 нысаны) 31 наурызға дейін тапсырады және есептілік жылынан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін салық төлейді.