Үй шаруашылықтарын зерттеу бойынша табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы I тоқсанда 4%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен, деп хабарлайды Статистика комитеті.
2020 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен көрсеткіші Түркістан (9,8%), Маңғыстау (5,8%) және Жамбыл (5,2%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,1%) тіркелді.
2020 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыс деңгейі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 5 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,6 есені құрады.
Айта кетейік, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы мөлшерінде белгіленді.