Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сынаған соң, Орал қаласының бас дәрігері жұмыстан кетті
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы сынаған соң, Орал қаласының бас дәрігері жұмыстан кетті
©Сурет интернеттен алынды
285
оқылды
Бұл ақпаратты Надия Ахметова растады. Айтуынша, ол Денсаулық сақтау басқарма басшысы Болатбек Қайыповтың бұйрығымен жұмыстан босатылған.
Негізі бұғанға дейін сырқаттанушылармен байланыста болған ол 16 мамырдан денсаулығына байланысты демалыста болған.
«Менің қызым коронавирус жұқтырып алған. Ол өзі дәрігер, терапевт болып жұмыс істейді. Сондықтан да менің де оқшаулануым керек болды», - деді ол. [caption id="attachment_51521" align="alignnone" width="1024"]koronovirus ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Сонымен бірге, Ахметованың өзі осыдан үш апта бұрын жұмыстан кету туралы арызын да жазып қойыпты. Бөлім басшысымен арадағы жанжал шиеленісіп кеткендіктен осындай шешім қабылдауға мәжбүр болыпты.
Оның айтуынша, науқастардың көбеюіне қарамастан ауруханада төсек-орын мен дәрі-дәрмектер қоры таусылып, денсаулық сақтау бөлімінің бастығы тиесілі жұмыс істеп отырмағанын мәлімдеді.