Атырау жастары арасында Британдық Кеңес пен «Шеврон» корпорациясы ұйымдастыратын StartUP Battle байқауына тіркеу басталды
2020 жылдың 15 маусымынан 26 маусымына дейін Британдық Кеңестің «Шеврон» корпорациясымен бірлескен StartUP Battle әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жобалар байқауына тіркеудің басталғанын хабарлайды. StartUP Battle Атырау облысы әкімдігімен әріптестік негізде жүзеге асырылады. Байқау «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында ұйымдастырылған.
Тіркеу кезеңі аясында 25 жоба іріктеліп алынады. Нәтижесінде, менторлармен бірлескен тәлімгерліктің үш апталық жұмысы барысында жастарға қажетті машықтар мен жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі.
Байқауға 18 жастан 29 жасқа дейінгі оқушылар, студенттер және жас кәсіпкерлер қатыса алады.
Жеңімпаздарға әлеуметтік бизнесті құру үшін «Шеврон» компаниясынан 3000 АҚШ доллар көлемінде қаржы табысталады.
Тіркеу 2020 жылдың 26 маусым күні сағат 23:59-ге дейін жалғасады.