Елорда тұрғыны біреудің банк картасымен дүкен аралап, сауда жасаған
Елорда тұрғыны біреудің банк картасымен дүкен аралап, сауда жасаған
©Сурет интернеттен алынды
269
оқылды
Polisia.kz-тің хабарлауынша, астананың 34 жастағы тұрғыны банк картасынан ақша шешілгенде барып, оның жоғалғанын бақап, полицияға шағымданған.
Негізі ол картасын маусым айының басында жоғалтып алған екен. Бірақ оны өзі де білмеген. Ұялы телефонға жаратылған ақша жайында смс хабарламалар келіп түсе бастағанда ғана картаның жоқтығын байқаған.
Тергеу барысында елорданың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, ол банк картасын жол бойынан тауып алған. Содан қалаған дүниесін сатып алған. Бірақ оның бұл әрекеті қылмыс санатына жатқызылатынын білмеген екен.
Бойжеткен банк картасынан 35 000 теңгені жұмсап жіберген. Қазір ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді заңға сәйкес, қыздың әрекеті ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық» бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері деп қарастырылуда.
Мұндай жағдай Нұр-Сұлтанда бірінші рет емес. Соңғы екі аптаның ішінде осыған келетін істің бесеуі тіркелген екен.