Қостанай облысында карантин күшейтіліп, блокпосттар қойылып жатыр
Қостанай облысында карантин күшейтіліп, блокпосттар қойылып жатыр
224
оқылды
Қостанай облысында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады. Әкім Instagram желісіндегі парақшасында Қостанай-Әулиекөл-Сұрған және Қостанай – Рудный, Арқалық-Амантоғай автожолдарында блокпосттар қойылатынын айтты.
"Бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткіздім.
Соңғы күндері облыста короновирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, сондай-ақ карантин режимін сақтамау фактілері бар. Осыған байланысты жедел штаб 18-30 маусым аралығында келесі шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдады: 1.  19 маусымда сағат 00.00 бастап 3 санитарлық бекетті орнату, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған және Қостанай – Рудный, Арқалық-Амантоғай автожолдарында. 2. Аттракциондар мен субұрқақтардың, үрлемелі конструкциялардың (батуттар) жұмысына тыйым салу; 3. Караоке барлардың, бильярд, боулинг орталықтарының, тату-салондардың, массаж салондарының жұмысына тыйым салу; 4. ХҚКО-ға онлайн режимінде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимінде жүзеге асыру мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша сағат 10-00-ден 18-00-ге дейін; 5. Сұлулық салондарының, шаштараздардың жұмысын тек жазу бойынша 10-00-ден 18-00-ге дейін шектеу; 6. Білім беру орталықтарының жұмысы, үйірмелер, балаларды дамыту орталықтары 9-00-ден 16-00-ге дейін (толтырылуы 15 адамнан артық емес); 7. Өнеркәсіп тобының тауарларын өткізетін объектілердің жұмысын 20-00-ге дейін шектеу; 8. Азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмысын 10-00-ден 16-00-ге дейін шектеу; 9. Мемлекеттік қызметшілердің 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, селекторлық режимде жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар және бейне конференциялар өткізу. Сонымен қатар, Үкіметтің тапсырмасы бойынша алдағы демалыс күндері эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 20-21 маусым аралығында 50 мың адамнан асатын елді мекендер (Қостанай және Рудный қалалары) үшін қосымша уақытша шектеулер енгізіледі, атап айтқанда: - қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады; - 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі", - деп жазды әкім.