Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың денсаулығы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы вице-министр Ләззат Ақтаева хабарлады.
«Елжан Біртанов стационарлық ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Ол хаттамаға сәйкес ем алу үстінде. Оның тезірек сауығып кетуіне тілекшіміз», - деді ол Орталық комммункациялар қызметіндегі брифингте.
Еске сала кетейік, осыдан біраз күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлады.