Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті
© elbasy.kz
290
оқылды
Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлады elbasy.kz. Әңгіме барысында Сооронбай Жээнбеков Елбасының тезірек сауығып кетуін және Қазақстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан күнделікті қызметіне жақын арада оралуын тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президентіне жылы лебіздері үшін ризашылығын айтып, бауырлас екі елдің арасындағы тату көршілік қатынастар одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Телефон арқылы сөйлесуге қырғыз жағы бастамашы болды.