«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Коронавирустық инфекция тақырыбында бірқатар вебинарлар өткізді. Вебинарларға денсаулық сақтау жүйесінің шамамен 1000-ға жуық қызметкері қатысты.
Бүкіл әлемнің дәрігерлері мен ғалымдары коронавирус індетін қалай тоқтатып, сырқаттанған адамдарды қалай емдеу керектігімен арпаласып келе жатыр. Індет басталғалы бері төрт ай өткенімен, оны емдеудің бірауыздан қабылданған тиімді тәсілі әлі жоқ. Тәжірибелерді жалпылап, ең алғы практикалар туралы білу үшін «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығының қолдауымен ЖОО-ның халықаралық серіктестерімен бірлесіп вебинарлар топтамасын өткізіп шықты.
Қытай, Германия, Испания, Греция және Израильдің белгілі ғалымдары қазақстандық әріптестерімен COVID-19 дертімен күресу бойынша өз практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Мамандар инфекцияның ерекшеліктерін талқылап, Еуропа тәжірибесінің негізінде коронавирустың биологиялық ғылыми мәртебесі туралы айтты, қоғамдық денсаулық сақтау секторы және денсаулық сақтау жүйесі үшін алған тәжірибесімен бөлісті. Испаниядағы әріптестер індеттің олардың елінде медициналық қызмет етуге тигізген ықпалы жайында айтып берді. Қытай ғалымдары COVID-19 дертін алдын алу және бақылау шаралары мен стратегиясын көрсетті. The Golden Age House медициналық кешенінің бас директоры Элла Мюллер эпидемия жағдайындағы аурухана менеджменті жөнінде айтты.
Вебинарлардың видео жазбаларын мына сілтемелерден тамашалауға болады:
«Коронавирус биологиясы бойынша ғылыми мәртебе және Еуропа тәжірибесі»
«Covid-19 алдын алу және бақылау шаралары мен стратегиясы»; «Терапиялық препараттар мен COVID-19 вакциналары саласындағы жетістіктер»; «SARS-CoV 2 вирусына спецификалық антиденелердің өндірісі және олардың клиникалық диагностика мен емдеуде қолданылуы»