Ақтау үкімдерінің саны өсті
Ақтау үкімдерінің саны өсті
218
оқылды
Жоғарғы сот төрағасының ай­туынша, 2,5 жыл ішінде бір­қа­тар пилоттық жобалар жүзеге асы­­­рылып, 22 заң жобасы әзір­лен­ген. Оның ішінде 10 заң жо­ба­сы қабылданды.
Судьялық кадрлар саласында да өзгерістер болды. Атап айт­қан­да, жаңа судьяларды іріктеу мақ­са­тында тиімді HR-тех­ноло­гия­лар енгізілген, судьялардың тәр­тіптік жауапкершілігі, кадрлық ре­зерв мәселелері Жоғарғы сот­тан Жоғары сот кеңесінің қа­рауы­на берілген, сондай-ақ жұ­мыс істеп жүрген судьяларды ба­ғалаудың жаңа институты – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның қызметіне де өз­геріс жасалған. Сонымен қатар Жа­қып Асанов жаңа бағалау әдіс­темесі бойынша 2022 жылға дейін судьялардың шамамен 80%-ы аттестациядан өтетінін жет­кізді. Оның айтуынша, 2019 жы­лы аттестацияға қатысқан су­дьялардың 10% бағалаудың жаңа жүйесінен  өте алмаған.
Бұдан бөлек, Мемлекет бас­шы­сына ақтау үкімдері санының күрт өскені, әсіресе бұл көрсеткіш ауыр қылмыстар бойынша 12 есе, ал аса ауыр қылмыстар бойынша 6 есе артқаны айтылды. Жоғарғы сот төрағасы Қазақ­стан Президентіне Азаматтық про­­цессуалдық кодекске енгізіл­ген түзетулер биылғы 22 маусым­нан бастап күшіне енетінін және он­­дағы өзгерістер туралы баян­дады.
Сонымен қатар әкімшілік әді­лет мәселесі туралы да сөз қоз­ғал­ды. Аталған институт Қазақ­стан­да Әкімшілік рәсімдік-про­цес­суалдық кодексті қабыл­даған соң енгізіледі. Қазіргі уақытта ол Сенаттың қарауында.
Жоғарғы сот төрағасы Мем­лекет басшысына COVID-19 пан­­­демиясы кезеңіндегі соттар­дың жұмысы туралы да ақпарат бер­ді. Сондай-ақ ол процеске қа­тысушылардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін барлық қа­жетті шаралардың қабыл­дана­ты­нын атап өтіп, төтенше жағдай ке­зеңінде және одан кейін де сот тө­­релігін жүзеге асыру ісі тоқта­маға­нын айтты. Әңгімелесу қорытындысы бойын­ша Мемлекет басшысы сот жүйесінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды және қазіргі күр­делі кезеңде соттардың жұ­мы­сы үздіксіз жалғаса беретініне се­нім білдірді.