Аймағамбетов әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтып берді
Аймағамбетов әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтып берді
© elements.envato.com
332
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлемде дайындалып жатқан коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтып берді. Оның айтуынша, әлемде коронавирусқа қарсы вакцинаның бес түрі сынақтан өткізіліп жатыр. "Алғашқысы инактивацияланған вакцина - вирус химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған. ДДҰ инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 15 мамырда өз тізіміне енгізді. Екіншісі, рекомбинантты суббірлік вакцина. Үшіншісі, рекомбинантты векторлық вакцина. Кандидат инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр", - деді ол Үкімет отырысында. "15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаға клиникаға дейінгі сынақтар басталды, тышқандарға иммуногенді, қауіпсіз тест өткізілді. 2020 жылдың 10 және 23 маусымында кандидаттық вакцинаның улылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді, сондай-ақ маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрық, күзенге зерттеу жасалады", - деп толықтырды Аймағамбетов. Оның айтуынша, 2020 жылдың шілде-тамыз айларында приматтарға сынақ өткізіледі. 2020 жылдың қыркүйегінде - клиникалық сынақтарға шығу жоспарланып отыр.