Дүнген этносының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тезірек сауығып кетуін тіледі.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіз сырқаттанып қалды деген хабарды үлкен алаңдаушылық сезіммен қабылдадық.
Короновирусқа қарсы күрес жүргізіп жатқан еліміз үшін осындай күрделі кезеңде аурудың бүкіл қауіп-қатерін сезіне отырып, Сіз өзіңіздің батылдығыңыз арқылы баршамызды шабыттандыра отырып, тағы бір мәрте алдыңғы шепте болдыңыз.
Өзін-өзі оқшаулау бойынша көрсеткен үлгіңіз әрбір қазақстандыққа
жүріс-тұрыс тұрғысынан өнеге болады деп сенеміз және біз пандемияның салдарын бірге еңсере аламыз.
Жалпыға бірдей мойындалған көшбасшының қасиеттері, табиғи оптимизм мен ел азаматтарының сүйіспеншілігі Сізге дертті жеңіп, ұлт игілігі жолындағы белсенді саяси қызметіңізге қайта оралуға көмектесетініне еш күмән келтірмейміз.
Тезірек сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр тілейміз.