Өзін-өзі оқшаулаған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысқа шықты. ПТР-зерттеу нәтижесі екі рет теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады өңір әкімі аппараты басшысының орынбасары Қанат Құлшманов.
"Жұма 19 маусымда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирус инфекциясын диагностикалау хаттамасына сәйкес 7 күн өткен соң өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Коронавирусқа қайта алынған ПТР-зерттеу нәтижесі екі рет теріс нәтиже көрсетті", - деп жазды Құлшманов.
Оның айтуынша, облыс әкімі кестеге сәйкес жұмысын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирустан емделіп жатқан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен қарым-қатынас жасағандықтан, оқшауланған еді.
Сондай-ақ Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты.