20 маусымда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
20 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Өскемен және Семей қаласында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 18 м/с-ке жетуі ықтимал. Семей қаласында күн күркірейді.
20 маусым күндіз Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық болады.
20 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 2 градус болуы ықтимал. 20 маусым күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 2 градус суық болады. Түнде және таңертен кей жерлерге тұман түседі.
20 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Түркістан қаласында жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.
20 маусымда Шымкент қаласында шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
20 маусымда Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Шаңды дауыл болады.
20 маусым күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел есіп, оның күші кей жерлерде 18 м/с болуы мүмкін. Кей жерлерде және Ақтау қаласында 40 градус аптап ыстық болады. Ескертудің ықтималдығы 85-100 %.
20 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде және Атырау қаласында 35-37 градус қатты ыстық болады. Өрт тұтану қаупі бар. Ескертудің ықтималдығы 90-95%.