Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте демалыс күндеріндегі карантин науқастар санын азайтатынына үміт артатынын айтты.
«Бүгінде қаладағы эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстап отырмыз. Қалада бос орындар бар. Алайда ауруханаларға түсіп жатқан аурулар өте көп. Осыған байланысты демалыс күндеріне жарияланған карантин шаралары пациенттер ағынын азайтарына сенімдіміз. Тұрғындарға жауапкершілікпен қарап, мамандардың айтқан талаптарын орындауға шақырамыз», - деді басқарма басшысы Камалжан Надыров.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда 16351 адам коронавирус жұқтырған, оның 10195-і коронавирустан сауықты, 105 адам қайтыс болды.