Еріктілердің еңбегі ескерілді
Еріктілердің еңбегі ескерілді
261
оқылды
Салтанатты жиында облыс әкі­мі Маңғыстау облысы бойын­ша науқанға 100-ге тарта ерікті ат­салысып, 6 мыңға жуық отбасы­ға адрестік көмек көрсетілгенін ер­ек­ше атап өтті. Республикалық Birgemiz қорынан өңірлік Birge­miz – Mangystau қорына барлығы 979 млн 100 мың теңге бөлініп, барлығы 19 582 мұқтаж жанға 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда өңірлік Birge­miz – Mangystau қорына барлығы 120 650 000 теңге көлемінде қа­ражат бөлініп, 4 санат бойынша 2 413 адамның тізімі жасақталуда. Сонымен қоса, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, қолдау білдіру мақ­са­тында Маңғыстау облысынан 77,5 тоннаға жуық гуманитарлық жүк түркістандықтарға жөнелтілді. – Осы күрделі кезеңде облыс бойынша 300-ден аса волонтер бір кісідей еңбек етті. Волонтер­леріміздің бұл еңбегі көпке үлгі бола білді. Ерікті жастардың игі­лікті ісіне ризашылығын біл­дір­ген Елбасымыз арнайы алғыс­хат­тарға қол қойып, өңірлердегі во­лонтерлерге жолдаған болатын. Бұл ретте 2019 жылды Нұрсұлтан Әбішұлы «Жастар жылы» деп атаса, ал 2020 жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Во­лонтер жылы» деп жариялауы символдық мәнге ие болды. Сі­з­дер өз отаншылдықтарыңызды, азаматтық пен жанашырлықта­рыңызды таныта отырып, бүкіл өңір жастарына үлгі көрсет­ті­ңіздер. Қазақта «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қасиетті сөз бар. Осы істеріңізге өңір басшысы ретінде алғыс айта отырып, алда­ғы жұмыстарыңызға сәттілік ті­леймін. Елдің дамуына жастық жігерлеріңізді жұмсап, өз үлесте­ріңізді алда да қоса беріңіздер. Бүгін сол волонтерлердің бір тобына Елбасының алғысхатын салтанатты түрде тапсырамын, – дей келе, облыс әкімі Серікбай Трұмов 10 волонтерді арнайы марапаттады.  

Әбілмансұр ЖАСАН