«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 33 005 өтінім қабылданды, -деп хабарлайды Ұлттық банк.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 378,42 млрд теңге сомасына 33 005 өтінім қабылданды.
«Нәтижесінде 224,12 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 387 өтінім мақұлданды» деп мәлім етті қаржы ұйымының баспасөз қызметі.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақ туындаса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на +7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.