Елордада серуенге шығып, адасып кеткен 92 жастағы қария табылды
Елордада серуенге шығып, адасып кеткен 92 жастағы қария табылды
фото: ашық дереккөз
268
оқылды
Елордада серуенге шығып, адасып кеткен 92 жастағы қария табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 19 маусым сағат 10.25 кезінде полицияға қала тұрғыны хабарласып, әкесінің таза ауа жұтуға аулаға шығып, үйге қайта оралмағанын айтқан. Ақсақалды іздеуге департаменттің жеке құрамы мен волонтерлер жұмылдырылды. Кешкі сағат 20.20 шамасында Уәлиханов-Кенесары көшелерінің қиылысында көлікте кетіп бара жатқан ерлі-зайыптылар қарияны байқап қалған. Олар бұған дейін Instagram желісінен адам жоғалғаны туралы хабарландыруды оқыған болатын. Жас жұбайлар тез арада көрсетілген телефон нөміріне хабарласқан. Полицейлер көмегімен қария аман-есен табылып, туыстарының қолына тапсырылды. Елорда полицейлері үнсіз қалмай, ақсақалды табуға көмек көрсеткен бүкіл астаналықтарға алғыс айтады.