Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жай түсіп, бірден 69 жылқы қырылды. Оқиға Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округінің Жарлы ауылында болған.
«Қайындыкөл көлінде найзағай салдарынан 69 бас жылқы өлген», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қырылған малдың 20-ы құлын болған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының шығыны есептелуде.