АҚШ-та наразылық шерулерінен кейін балмұздақ атауы өзгертілді
АҚШ-та наразылық шерулерінен кейін балмұздақ атауы өзгертілді
фото. ашық дереккөз
683
оқылды
Dreyer's Grand Ice Cream компаниясы осыдан 99 жыл бұрын ойлап тапқан Eskimo Pie фирмалық балмұздағының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат New York Post-қа сілтеме жасап. «Біз нәсілдік теңдік мәселесін шешуге септігімізді тигізуге тырысамыз. Бұл термин кемсітушілікті көрсететінін мойындаймыз», - делінген компанияның маркетинг жөніндегі директорының мәлімдемесінде. Тәттінің атауын өзгерткен компания енді өздерінің логотипі мен жарнамасын да ауыстырады. Америкадағы полиция қатыгездігі мен Құрама Штаттарындағы жүйелі нәсілшілдікке байланысты наразылық шаралары аясында көптеген сауда маркаларында өзгерістер орын алуда. Еске сала кетейік, тәртіп сақшыларының қолынан қаза тапқан африкоамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін Лондон мен әлемнің басқа да елдерінде наразылықтар мен толқулар басталды.