Қапастағы қамқорлық: Павлодардағы дәрігерлер 56 жылдан бері сотталғандарды емдеп келеді
Қапастағы қамқорлық: Павлодардағы дәрігерлер 56 жылдан бері сотталғандарды емдеп келеді
фото: ашық дереккөз
390
оқылды
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 162/2 түзеу мекемесінде Орталық соматикалық аурухана бар. Бұл емхана – Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі мамандандырылған бар-жоғы екі аурухананың бірі. Сонау 1964 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан емханада сотталған азаматтар ем-дом алады. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті олардың арасынан бас медбике Желнова Евдокия Петровнаны ерекше атап өтеді. Оның Орталық соматикалық ауруханада еңбек етіп келе жатқанына 60 жылға жуықтаған және Е. Желнова өз қызметін асқан жауапкершілікпен атқарып келеді.    width= Айта кетсек, ҚАЖ мекемелерінің барлығында медицина бөлімшелері жұмыс істейді. Оларда да Гиппократ антын берген қаншама маман еңбек етеді. Айтуларынша, мұнда жұмыс істеу – оңай емес. «Емханаға сотталған адам түскен кезде біз одан «Қандай қылмыс жасадың?», «Не үшін сотталдың?», деп сұрамаймыз. Біздің міндет – оның сырқатын анықтап, емдеп шығу. Иә, олар сотталған адамдар, қылмыс жасағандар. Бірақ олар заңмен жазаланып отыр. Мекемедегі медицина қызметкерлерін сынның астына алып жатқан кезде – қынжыламыз. Бәлкім біздің жұмыс туралы ештеңе білмейтін адамдар осылай жазатын болуы керек», - дейді 162/4 мекемесінің дерматовенеролог дәрігері Ләззат Халықова. Карантин басталғалы бері колонияның медицина қызметкерлері ерекше режимге көшіп, бүкіл медициналық персоналдың басты міндеті – вирустың алдын алу болған. Емханада санитарлық режим күшейтілген. Ал Медицина қызметкерлері күні қарсаңында сотталған азаматтар түзеу мекемесінің асханасында ақ халатты абзал жандар үшін торт пісіріп берді. Жыл сайын 162/2 түзеу мекемесі жанындағы Орталық соматикалық ауруханаға сотталған 100-ге тарта адам түседі.