Асқар Мамин: Дәрігердің еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды
Асқар Мамин: Дәрігердің еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды
фото: ашық дереккөз
389
оқылды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. «Құрметті еліміздің медицина қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дәрігердің қоғам мен ел алдындағы еңбегін қанша асыра бағаласақ та артық болмайды. Сіздер — азаматтардың денсаулығын сақтап, дертіне шипа, жанына жылу сыйлаған ардақты мамандық иесісіздер. Адам өміріне араша түсіп, дені сау сапалы ұлт қалыптастыруға, сол арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға үлес қосып келесіздер. Қазіргідей күрделі кезеңдегі ауыртпалыққа төтеп беріп, коронавирус пандемиясына қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүрген сіздерден халқымыз күнделікті жанкешті еңбектің, кәсіби борышқа деген адалдықтың үлгісін көріп отыр. Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, толайым табыс және амандық тілеймін!», - делінген құттықтауда