Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарын түнде және таңертең тұман басады.
Жамбыл, күндіз Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.