Биыл көмір бағасы тағы да қымбаттай ма?
Биыл көмір бағасы тағы да қымбаттай ма?
235
оқылды
  Үкімет отырысында Асқар Мамин: «Жалпы, өткен жылдың жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Әкімдіктер алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын күшейтіп, анықталған кемшіліктер мен ескертулерді жоюуы керек», – деді. Ол шенеуніктерге нақты тапсырмалар берді.
«Бірінші – жылыту маусымы басталғанға дейін барлық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әсіресе, денсаулық сақтау мен әлеуметтік саладағы нысандардың, үйлердің дайындығын қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, жоспарланған барлық жөндеу жұмысын бекітілген кестеге сәйкес аяқтаңыздар. Халықты көмірмен жылыту орталықтары және қазандықтармен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отынның, әсіресе, көмір бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдаңыздар», – деді ол.
Сондай-ақ Асқар Мамин әкімдерге тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін қарызын азайту үшін нақты шешімдер қабылдауды тапсырды.
«Тағы бір мәселе – қараусыз қалған электр желілерін анықтап, балансқа алуды, сондай-ақ коммуналдық ұйымдардың балансына беру жұмысын жалғастырыңыздар. Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусым барысын бақылау мен мониторингтеу жұмысын қамтамасыз етсін», – деді Асқар Мамин.