Кейбір аймақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел екпіні – 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Атырау облысында қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.