Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет AMANAT

Еңбегі еленген еріктілер

«Айқын» ақпарат «Айқын» ақпарат
Маусым 24, 2020
35
қаралым

Осындай сынақты шақта ал­дан шы­ғар қиындыққа бір­лесе қарсы тұруға шақырған Елба­сының үндеуіне бірінші болып үн қосқандар қа­тарын­да ерік­тілер болды.

Жетісулық еріктілер де осы ша­ра­ға атсалысқан жерлестерінің бі­рінші легінен көрініп, көптеген қайырымдылық іске ұйытқы бо­ла білді. Қазіргі кезде де алдыңғы қатарда келеді. Күні кеше жетісу­лық еріктілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатымен ма­рапатталды. Елге үлгі көрсетіп, жақсы істерге жол салған екпінді еріктілерге алғысхатты облыс әкі­­мінің бірінші орынбасары Лаз­­зат Тұрлашов пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы тө­рағасының бірінші орын­басары Жанболат Жөрген­баев тапсырды.

Жетісулық еріктілер ел аума­ғында жарияланған төтенше жағдай мен карантин кезінде жал­пақ жұрттың жан-жақты қол­дауын иеленген BizBirgеmiz рес­пуб­ликалық акциясы аясында көп­балалы, аз қамтылған отба­сы­лар мен тағы да басқа мұқтаж жан­дарға көмек көрсетті. Оларды қа­жетті азық-түлікпен қатар ан­тисептикалық құралдармен, тұр­мыстық керек-жарақтармен де қамтамасыз етіп келеді.

– Әлемге қауіп төндірген қ­а­терлі індетпен күрес әлі жүріп жа­тыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен қатерлі дерттен ха­лықты аман алып қалуға бағыт­тал­ған жұмыстар дер кезінде қол­ға алынды. Көрінбейтін май­данда сіздердің де көмектеріңіз көп болғанын, әлі де жалғасып жат­­қанын айта кеткен жөн. На­ғыз қиын жерлерде дәрігер­лер­мен, тәртіп сақшыларымен бірге сіз­дер жүрдіңіздер. Біздің бола­ша­ғымыз өздерің сияқты жалын­ды жастардың жігері мен жана­шыр­лығына байланысты. Сон­дықтан үлкен рақмет айта­мын, ма­рапат­тарыңыз құтты болсын! – деген Лаззат Махатұлы өз сөзіне ері­к­тілер тарапынан жүзеге асып жат­қан істерді өзек етті, жастарға шын жүректен ризашылығын біл­дірді.

Елбасының алғысхатын ал­ған­дар­­дың бірі – 2016 жылдан бері еріктілер сапында жүрген «Мейі­рімді Жетісу» фронт-кеңсе­сінің төрағасы Ержан Дәу­летбаев.

– Біздің еріктілер қайырым­ды­лық, тазалық сынды акцияның барлығына қатысып, демеушілер мен кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға тұрақты көмек көрсетіп келеді. Елбасының елеп беріп отырған марапаты жұмы­сы­мызға деген жігерімізді одан ары жани түсері сөзсіз, – дейді ол.

Биылғы жылдың 19 наурыз бен 17 маусымы аралығында пар­тия­ның аймақтық және аумақтық филиалдары, «Жас Отан» жастар қа­наты мен еріктілер «Бақытты от­басы», «Ардагерлерді ардақ­тайық» және «Кедергісіз келе­шек» жобалары аясында 24 440 адам­ға 253 млн 900 мың теңге кө­лемінде түрлі азық-түлік пен же­ке гигиена заттары, антисеп­ти­калық құралдар, медициналық бетперделер сатып алыныпты. Облыс еріктілері Мақтаарал ауда­нына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге де қолдан кел­генше көмек көрсетті. «Біз бір­геміз» акциясының жұмысы одан әрі жалғаса бермек.

 

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

 

 

Тегтер: алғысхатеріктілеркарантинпандемия

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықтың айтары қалыс қалмайды

Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

Ресейден Қазақстанға 200-ден астам кәсіпкер келді: Тоқаев тапсырма берді

Президент Еуразиялық экономикалық форумға қатысты

Түркістан облысында сыныптастар 3 баласы бар жесір әйелге 4 бөлмелі үй алып берді

Қарағандыда полицейлердің бір топ адамды ұстау сәтінен видео тарады

«Қаржыны игерумен жұмыс бітпейді»: Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»