Еңбегі еленген еріктілер
Еңбегі еленген еріктілер
358
оқылды
Осындай сынақты шақта ал­дан шы­ғар қиындыққа бір­лесе қарсы тұруға шақырған Елба­сының үндеуіне бірінші болып үн қосқандар қа­тарын­да ерік­тілер болды. Жетісулық еріктілер де осы ша­ра­ға атсалысқан жерлестерінің бі­рінші легінен көрініп, көптеген қайырымдылық іске ұйытқы бо­ла білді. Қазіргі кезде де алдыңғы қатарда келеді. Күні кеше жетісу­лық еріктілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысхатымен ма­рапатталды. Елге үлгі көрсетіп, жақсы істерге жол салған екпінді еріктілерге алғысхатты облыс әкі­­мінің бірінші орынбасары Лаз­­зат Тұрлашов пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы тө­рағасының бірінші орын­басары Жанболат Жөрген­баев тапсырды. Жетісулық еріктілер ел аума­ғында жарияланған төтенше жағдай мен карантин кезінде жал­пақ жұрттың жан-жақты қол­дауын иеленген BizBirgеmiz рес­пуб­ликалық акциясы аясында көп­балалы, аз қамтылған отба­сы­лар мен тағы да басқа мұқтаж жан­дарға көмек көрсетті. Оларды қа­жетті азық-түлікпен қатар ан­тисептикалық құралдармен, тұр­мыстық керек-жарақтармен де қамтамасыз етіп келеді. – Әлемге қауіп төндірген қ­а­терлі індетпен күрес әлі жүріп жа­тыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен қатерлі дерттен ха­лықты аман алып қалуға бағыт­тал­ған жұмыстар дер кезінде қол­ға алынды. Көрінбейтін май­данда сіздердің де көмектеріңіз көп болғанын, әлі де жалғасып жат­­қанын айта кеткен жөн. На­ғыз қиын жерлерде дәрігер­лер­мен, тәртіп сақшыларымен бірге сіз­дер жүрдіңіздер. Біздің бола­ша­ғымыз өздерің сияқты жалын­ды жастардың жігері мен жана­шыр­лығына байланысты. Сон­дықтан үлкен рақмет айта­мын, ма­рапат­тарыңыз құтты болсын! – деген Лаззат Махатұлы өз сөзіне ері­к­тілер тарапынан жүзеге асып жат­қан істерді өзек етті, жастарға шын жүректен ризашылығын біл­дірді. Елбасының алғысхатын ал­ған­дар­­дың бірі – 2016 жылдан бері еріктілер сапында жүрген «Мейі­рімді Жетісу» фронт-кеңсе­сінің төрағасы Ержан Дәу­летбаев. – Біздің еріктілер қайырым­ды­лық, тазалық сынды акцияның барлығына қатысып, демеушілер мен кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға тұрақты көмек көрсетіп келеді. Елбасының елеп беріп отырған марапаты жұмы­сы­мызға деген жігерімізді одан ары жани түсері сөзсіз, – дейді ол. Биылғы жылдың 19 наурыз бен 17 маусымы аралығында пар­тия­ның аймақтық және аумақтық филиалдары, «Жас Отан» жастар қа­наты мен еріктілер «Бақытты от­басы», «Ардагерлерді ардақ­тайық» және «Кедергісіз келе­шек» жобалары аясында 24 440 адам­ға 253 млн 900 мың теңге кө­лемінде түрлі азық-түлік пен же­ке гигиена заттары, антисеп­ти­калық құралдар, медициналық бетперделер сатып алыныпты. Облыс еріктілері Мақтаарал ауда­нына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге де қолдан кел­генше көмек көрсетті. «Біз бір­геміз» акциясының жұмысы одан әрі жалғаса бермек.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы