Ресейде өтіп жатқан Жеңіс парадына Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады
Ресейде өтіп жатқан Жеңіс парадына Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады
250
оқылды
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, көптеген қалада да өзге форматтағы мерекелік шаралар, соның ішінде салтанатты шерулер өткізілуде. Кейбір өңірлер эпидемиологиялық жағдайға байланысты билік шеру өткізуден бас тартқан немесе парадты көрерменсіз өткізу шешімін қабылдаған. Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрі Сергей Шойгумен өткен кеңес барысында Жеңіс парады 24 маусым, яғни 1945 жылы тарихи Жеңіс парады болған күні өтетінін жариялады. Мәскеуге Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін шетелдік мемлекеттердің президенттері келіп жатыр. Ресей астанасына Абхазия президенті Аслан Бжания, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Молдавия президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Беларусь президенті Александр Лукашенко жиналды. Сондай-ақ Босния мен Герцеговина Президиумының сербиялық мүшесі Милорад Додик, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Оңтүстік Осетия президенті Анатолий Бибиловтің келуі күтілуде. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.