Иммунитетті күшейту үшін жылқы етінің сорпасын ішіп, жұмыртқа жеу қажет – ғалым
Иммунитетті күшейту үшін жылқы етінің сорпасын ішіп, жұмыртқа жеу қажет – ғалым
804
оқылды
Медицина ғылымының докторы, профессор Ерболат Дәленовтың айтуынша, иммунитеті жоғары адам дертке шалдықпайды.
«Коронавирус — біздің елімізге де жеткен індет. Инфекция барлық жерде жүріп жатыр. Сондықтан сақтық керек. Кейбір адам мұның қаупін жете түсінбей, «мұндай ауру жоқ, саясат» деп жүр. Бұлай айтуға болмайды. Өйткені қазірдің өзінде дүниежүзінде 9 млн адам ауырып, оның 480 мыңға жуығы қайтыс болды. Елордамызда да күшейіп барды. Сондықтан халқыма айтарым, өздеріңізді, гигиеналық режимді сақтаңыздар. Қолды кір сабынмен жуып, мұрын ішін де осы сабынмен тазалаңыздар. Қол беріп амандаспаңыздар. 1-1,5 метр әлеуметтік арақашықтық сақтаңыздар. Сонда бұл вирус жұқпайды», – деді профессор.
«Қазақпараттың» жазуынша, ол әр адам коронавирус инфекциясынан қорғануы үшін өзінің иммунитетін күшейтуі қажеттігін баса айтты.
«Иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтану қажет. Ақуызы көп тамақ тұтынған жөн. Құс, жылқы еті сорпасын ішіп, жұмыртқа жеген жақсы. Өйткені олар қан құрамында иммуноглобулинді көбейтеді. Сондықтан күнделікті тұтынатын тағамның 30-40 пайызы құс пен мал еті, ал қалған 60-70 пайызы жеміс-жидек болуы тиіс», – дейді ғалым.