Алдағы үш күнде күн суытады, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін
Алдағы үш күнде күн суытады, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін
218
оқылды
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. «Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңа Жер аймағынан келетін солтүстік циклон республиканың солтүстік-батысы, солтүстік, содан кейін орталық және оңтүстік-шығысының кей жерлеріне жауын алып келеді. 26 маусымда циклонның артынан Солтүстік-Батыс суық антициклоны ығысады. Ауа температурасы республиканың солтүстік бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін, кей жерлерде 10 градус жылы, күндіз 12-17 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін», - делінген хабарламада.