Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!» - деп жазды өңір басшысы.