Ақтөбеліктер қызуды түсіретін, вирустық инфекцияға қарсы дәріні жаппай сатып алып жатыр
Ақтөбеліктер қызуды түсіретін, вирустық инфекцияға қарсы дәріні жаппай сатып алып жатыр
5,229
оқылды
Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы неден туындағанын айтып берді. Өйткені ақтөбеліктер қызуды түсіретін, жедел респираторлық вирустық инфекцияға қарсы дәріні жаппай сатып алып жатыр. Ақтөбе облысы бойында 671 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан болса, тағы 389 симптомсыз жағдай тіркелді. Өсім - 7,3 пайыз. 357 науқас жазылып шықты. Үй карантинінде 2343 адам жатыр. Бәрі медициналық бақылау алынған. Қазір көпшілік дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуға көшкен. Қарапайым қызу түсіретін дәрілер дәріханада тапшы. «Ақтөбе облысында 600-ден астам дәріхана, 15 қойма бар. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бақылау жүргізіп отыр. Антибиотик пен қызу түсіретін дәрі-дәрмектің дәріханада азайғаны байқалады, бірақ қоймада жеткілікті. Тұрғындардың қорқып, жаппай сатып алып жатқаны рас. Айтарымыз - адамдар өз бетімен емделмеуі керек. Ентігіп, қызуы көтеріліп, қатты жөтелсе дәрігер шақырған жөн», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева. Айта кетейік, өңірде өткен түнде өкпенің қабынуы дертінен 4 адам көз жұмды. Оның нақты диагнозы айдың соңында анықталады. Қазір 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.