Министрлік COVID-19 веб-қосымшасына неге 50 мың доллар бөледі?
Министрлік COVID-19 веб-қосымшасына неге 50 мың доллар бөледі?
214
оқылды
Азия Даму Банкі (АДБ) және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қолдауымен Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасының жаңартылған нұсқасының прототипін әзірлеуге конкурс  жариялайды. Мәліметтерге сүйенсек, жоба жеңімпазына 50 мың доллар беріледі. Министрлік ақпараттық жүйені инфекцияға ұшыраған, қатынасқа түскен және коронавирус инфекциясынан сауығып кеткен адамдарға қатысты деректерді есептеу және бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдаланады. Веб-қосымшаның жаңа нұсқасының әзірлемесін дайындау конкурсына 18 жастан асқан тұлғалар және  3 адамнан тұратын командалар қатыса алады. Оларға мынадай талап қойылады: Python 3 білу, Scalable веб қосымшаларын әзірлеуде тәжірибесінің болуы, стандартты DevOps құралдар жиынтығы (git, docker, CI/CD), Flask, FastAPI, Celery, Pandas, SQLAlchemy сияқты бағдарламалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі, SQL білу, Postgres,  HTML5, Native JS/JQuery білу, Linux, Bash-пен жұмыс тәжірибесі.                                                                                                                                         Айбике ЖАНАСЫЛ