«Қазақтелекомның» басқа операторларға қарағанда 7,14% жоғары төлемақы алатыны анықталды
«Қазақтелекомның» басқа операторларға қарағанда 7,14% жоғары төлемақы алатыны анықталды
5,336
оқылды
Монополияға қарсы орган «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу жүргізуде. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің жіберген хатының негізінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ фискалдық деректер операторы ұсынатын қызметтерге монополиялық тұрғыдан жоғары бағаны белгілеу, ұстап тұру үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеп тексеру жүргізуде. Фискалдық оператордың қызметтері – бұл онлайн-кассалардан қолма-қол ақшаны төлеу туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беру.  Анықтама үшін:

Тауарларды сатып алған кезде касса чегі сатып алушыға беріледі, шығарылған чек туралы ақпарат онлайн режимінде телекоммуникация желісі арқылы операторға жіберіледі. Оператор өз кезегінде бұл ақпаратты салық органдарына жібереді.

Абоненттік төлемдерді зерттеу нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ басқа операторларға қарағанда 7,14% жоғары төлемақы алатыны анықталды. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 218-бабына сәйкес, монополияға қарсы орган тергеу жүргізер алдында нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарықтарында талдау жүргізеді. Осылайша, талдау «Қазақтелеком» АҚ фискалдық операторлар қызметтері нарығында басым болып табылатындығын анықтады. «Қазақтелеком» АҚ басым және оның орнатылған абоненттік төлемі басқа субъектілерге қарағанда қымбат екенін ескере отырып, оның қызметтері ұсынылатын қызметтерге монополиялық тұрғыдан жоғары бағаны белгілеу, ұстап тұру кезінде үстем жағдайды теріс пайдалану ретінде анықталуы мүмкін. Осыған байланысты монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын растайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер жинауға бағытталған шараларды қолданады. Тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган қорытынды дайындайды және оның негізінде шешім қабылданады.