Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді
Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді
163
оқылды
Алматы облысының аумағында карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлады Coronavirus2020 Telegram парақшасында. Облыстың бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қаулысына сәйкес, жаңа шектеулер күшіне енеді. Жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам адам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам адам отыратын жазғы алаңдарда (онлайн-тапсырыс ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда) тоқтатыла тұрады. Сауда, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, артклубтардың, балалардың бос уақыты мен қосымша оқыту орындарының, балалардың түзету кабинеттерінің және меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады. МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады. ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және басқа) жұмысы онлайн форматқа өтеді. Онлайн-форматта жоқ қызметтерді алдын ала жазылып, электрондық кезекпен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін ала аласыз.